2016 жылдың 22 сәуірінде NCOC N.V.-дің Атырау қаласындағы бас кеңсесінде оқу мен сертификаттаудан табысты өткен жергілікті Компанияларға ISO 9001, ISO 14001, ISO 22000, ISO 50001 және OHSAS 18001 атты халықаралық сертификаттарын табыс ету рәсімі өтті

23 сәуір 2016

2016 жылдың 22 сәуірінде NCOC N.V.-дің Атырау қаласындағы бас кеңсесінде оқу мен сертификаттаудан табысты өткен жергілікті Компанияларға ISO 9001, ISO 14001, ISO 22000, ISO 50001 және OHSAS 18001 атты халықаралық сертификаттарын табыс ету рәсімі өтті.

Бұл шараға NCOC N.V. Консорциумы Тапсырыс берушісінің өкілдері және Қазақстанның әр аймағының: Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Семей қалаларының мердігер-компанияларының өкілдері қатысты, қатысушылардың жалпы саны 17 компания.

9 компания өз қызметі мен жетістіктері туралы қысқаша баяндай отырып, презентация өткізді.

Жоғарыда аталған іс-шараға қатысушылардың барлығы NCOC N.V. компаниясына, «Сапаны басқару орталығы» КФ консалтинг орталығы мен сертификаттау органдарына менеджмент жүйесін әзірлеу мен енгізудің және сертификаттаудың барлық кезеңдерінде оларға көмек көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.

OHSAS 18001:2007 халықаралық стандартына ие болу «KZF Service» Компаниясындағы жұмысты қауіпсіз жүргізу мен қызметкерлерінің денсаулығын сақтаудың жоғары деңгейінің дәлелі болып табылады, сонымен қатар Компанияға:  

  • бүкіл дүние жүзі бойынша басқа халықаралық компанияларға өзінің қызметі бойынша ұсыныстың бәсекелестігін көтеруге;
  • Компанияның тиімділігін арттыруға;
  • Компанияның өнімділігі мен пайдалылығын арттыруға;
  • Тапсырыс берушілердің көрсетілген қызмет сапасына қанағатанушылығын арттыруға мүмкіндік береді.


Ілгері