Ұлттық бизнес-рейтинг Одағы 2014-2015жж. қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындар іс-әрекетінің жалпы мемлекеттік қаржы-экономикалық сараптамасын аяқтады

1 сәуір 2016

Қаржы органдарының құзыретіндегі бюджетке төленетін салық пен басқа міндетті төлемдер туралы ақпарат негізіндегі саралаудың нәтижесі бойынша «KZF Service» ЖШС:

«Салықтың жалпы соммасы» атты номинациясы бойынша ҚР-ның кәсіпорындар арасындағы Алтын рейтингіге;

«Салықтың жалпы соммасы» атты номинациясы бойынша Алматы қаласындағы кәсіпорындар арасындағы Алтын рейтингіге қол жеткізді.

Жоғарғы нәтижелерге жете білген Компаниялар мен кәсіпорындар «САЛА КӨШБАСШЫСЫ» атты мәртебеге ие болды. Бұл жетістік нарық ойыншыларына, клиенттерге және инвесторларға Компанияның тұрақтылығы мен өсіп дамуын айқындайды.

Сонымен қатар, «KZF Service» ЖШС «Салықтың жалпы соммасы» критерийі бойынша кәсіпорындарды жалпымемлекеттік қаржы-экономикалық саралау нәтижесі бойынша Алматы қаласындағы көшбасшы-кәсіпорындардың топ-100 ішіне енді.

Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадағы кәсіпорындардың қатысуымен Алматы қаласында 2016 жылғы 26 тамызда өтетін ҰБР Одағының құрамындағы экономиканың көшбасшылары болып саналатын ел-қатысушыларына арналған XXIII марапаттау рәсімі жоспарланды. Салтанатты рәсімге шақырылған көшбасшы Компаниялардың тізімінде «KZF Service» ЖШС де бар.

        

 


Ілгері