2015 жылдың 10 наурызында NCOC N.V.-дің Атырау қаласындағы бас кеңсесінде ISO 9001:2008 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификаттарын табыс ету рәсімі өтті.

12 наурыз 2015

2015 жылдың 10 наурызында NCOC N.V.-дің Атырау қаласындағы бас кеңсесінде ISO 9001:2008 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификаттарын табыс ету рәсімі өтті.

Бұл шараға NCOC N.V., Консорциумы Тапсырыс берушісінің өкілдері және Қазақстанның әр аймағының: Алматы, Ақтөбе, Атырау,Астана, Актау қалаларының мердігер-компанияларының өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 24 компания.

11 компания, оның ішінде «KZF Service» компаниясы, өз қызметі мен жетістіктері туралы қысқаша баяндай отырып, презентация өткізді.

Жоғарыда аталған іс-шараға қатысушылардың барлығы NCOC N.V.компаниясына, «Сапаны басқару орталығы» КФ консалтинг орталығы мен сертификаттау органдарына менеджмент жүйесін әзірлеу мен енгізудің және сертификаттаудың барлық кезеңдерінде оларға көмек көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.

Сапаны Басқару Жүйесінің енгізілуі «KZF Service» компаниясына:

  • өнімділікті оңтайландыруға;
  • компанияның тиімділігін арттыруға;
  • апсырыс берушілердің көрсетілген қызмет сапасына қанағатанушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жетістікке жетуге талпыну Сапаны басқару жүйесінің қозғаушы факторы болып табылады.


Ілгері