Компания жайында

 «KZF Service» ЖШС 2010 жылдың ақпан айында  құрылды және Алматы қаласы бойынша Заң департаментінде тіркелді.

Шетелдік арнайы техниканы, жабдықтарды, автомобильдерді, сондай-ақ   оның қосалқы бөлшектерін жеткізу және оларды жалға беру компанияның құрылған сәттен бастап негізгі қызметі болып табылады.  Жұмыс істеген жылдары компания АҚШ, Еуроодақ пен Ресей елдерінің ірі трейдингтік компанияларымен тұрақты серіктестікке қол жеткізді. 

 «KZF Service» ЖШС-да арнайы техниканы, жабдықтарды және оның қосалқы бөлшектерін сату және қызмет көрсету саласында мамандар штаты бар, сондай-ақ тау-кен техникасы мен дизель қозғалтқыштарына сервистік қызмет көрсету саласында тәжірибелі  мамандар да бар.

«KZF Service» ЖШС-да қажетті инфрақұрылымдар бар,  олар:  Алматы қаласының солтүстігіне қарай 10 шақырым жерде орналасқан «Даму» Индустриалды-Логистика орталығында жеке қоймасы мен сервис базасы, Атырау қаласында (Қарабатан кентінде) және Жезқазған қаласында сервис базасы бар. Мамандандырылған сервис орталықтарымен сенімді серіктес қарым-қатынас орнатылған. 

2014 жылы компания ИСО9001-2008 Сапа Менеджмент Жүйесіне халықаралық сәйкестік сертификаттауынан табысты өтті.

2016 жылы 22-ші сәуірде компания OHSAS 18001:2007 Денсаулықты және Еңбек қауіпсіздік жүйесіне халықаралық сәйкестік сертификаттауынан сәтті өтті.

Компанияда Еңбекті және Қоршаған ортаны қорғау (ЕжҚОҚ) саласының саясаты бекітілген.

Компанияның ЕжҚОҚ-ты басқару жүйесі денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаға қатысты өзіміздің қызметімізді  жүзеге асыратын принциптерді анықтайды. Компания әрдайым еңбекті қорғаудың, біздің  қызметкерлеріміздің, тапсырыс берушілер мен мердігерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғары стандарттарын қатаң ұстанады.

"KZF Service" ЖШС-ның сапа, денсаулықты, қауіпсіздік техниканы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясаттары (Денсаулықты, қауіпсіздік техниканы және қоршаған ортаны қорғау Саясаты, Көлік Саясаты, Антиалкогольдік Саясат, жеке қорғану құралдарын пайдалану саясаты).